Қанатай Далматов ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Кәмшат Тілеухан 19 қаз. 2024 14:13 6530

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары жаңадан тағайындалды. Бұл лауазымды қызметке Қанатай Далматов келді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Мемлекет басшысының өкімімен Қанатай Жорабекұлы Далматов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", делінген 2024 жылы 19 қазанда Ақорда жариялаған хабарламада.

Айта кетсек, бүгін, 19 қазанда Алматы облысы полиция департаментігінің басшылығында түбегейлі өзгерістер жасалды. Облыстық ПД басшысы мен оның орынбасары жаңадан тағайындалды, бірнеше басқарма басшысы қызметтерінен айырылды. Осы жиныда Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Талғар ауданында кәмелетке толмаған жасты өлтіру ісін тергеуші жедел-тергеу тобының есебін тыңдады. Нақты бірқатар тапсырмалар берілді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар