“Қан тамырларын бітейді”. Министрлік Oreo печеньесіне қатысты ақпаратқа пікір білдірді

Қаракөз Амантай 12 қаң. 2026 16:44

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желілерде тараған Oreo печеньесінің салмасы "пластиктен жасалған" және өнім "қан тамырларын бітейді" деген ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство бұл мәлімдемелердің ғылыми дәлелі жоқ екенін атап өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Комитеттің хабарлауынша, 2025 жылы аталған өнімге зертханалық талдаулар жүргізілген. Тексеру нәтижесінде микробиологиялық және токсикологиялық нормалардың сақталғаны белгілі болды. Сонымен қатар печеньенің таңбалануы қолданыстағы талаптарға толық сай келеді. Осыған байланысты министрлік азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove