2025 жылғы қыркүйек айындағы ресми деректерге сәйкес, елдегі инфляция деңгейі жаңа белеске көтерілді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қыркүйекте айлық инфляция 1,1%- ды құрап, жылдық көрсеткіш 12,9%-ға жеткен. Бұл- халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды экономикалық факторлардың бірі, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қандай салаларда баға күштірек өсті?
Ең жоғары өсім ақылы қызметтер секторында байқалды. 2025 жылдың тамыздағы деректер бойынша, 15,3%- болған еді.
Жылдық өсім- 12,7% (тамызда бұл көрсеткіш 11,7% болған).
Тұрмыстық химия, киім-кешек, құрылыс материалдары сынды азық- түлік емес тауарлардың бағасы да бір жылда 10,8%-ға өскен. Тамызда бұл көрсеткіш 9,7% еді.
Қазақстан өңірлеріндегі жылдық инфляция: қай облыста баға шарықтады?
2025 жылдың қыркүйек айында Қазақстан бойынша жылдық инфляция деңгейі 12,9%-ға жетті. Бұл өткен жылғы 8,3% және 2023 жылғы 11,8% көрсеткіштерімен салыстырғанда едәуір жоғары. Елдегі баға өсімі тек республикалық деңгейде ғана емес, өңірлер бойынша да әртүрлі қарқында байқалуда.
Ең жоғары инфляция тіркелген өңірлер:
2025 жылы инфляция ең жоғары көрсеткішке жеткен облыстар қатарында:
Қарағанды облысы- 14,9%
Ұлытау облысы- 14,4%
Солтүстік Қазақстан облысы- 13,6%
Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары- 13,5%
Атырау және Ақмола облыстары- 13,4%
Астана қаласы- 13,4%
Шымкент қаласы- 13,3%
Алматы қаласы- 13,2%
Бұл өңірлерде азық-түлік, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер мен күнделікті тұтыннатын тауарлардың бағасы айтарлықтай өскені байқалады. Қалалық жерлердегі логистикалық шығындар, халықтың тұтыну деңгейі мен нарықтағы сұраныс та бұл көрсеткішке әсер етуде.
Ең төмен инфляция тіркелген өңірлер:
Қызылорда облысы- 10,9%
Жамбыл облысы- 11,6%
Қостанай облысы- 12,0%
Абай және Маңғыстау облыстары- 12,0%-12,1%
Ең көп арзандаған өнімдер
Төмендегі өнімдерде баға күрт төмендеген:
Пияз- 15,6%- ға арзандады
Картоп-10,3%
Қызылша-9,5%
Қырыққабат-9,3%
Сәбіз-9,0%
Жүзім-6,6%
Қызанақ-5,9%
Лимон-5,3%
Алма-4,8%
Бұл өнімдердің арзандауы көбіне маусымдық факторлармен байланысты. Күз айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі бөлігі жиналып, нарыққа мол көлемде жеткізіледі. Нәтижесінде сұраныс пен ұсыныс теңесіп, баға төмендейді.
Қай өнімдер қымбаттады?
Сонымен қатар, кейбір азық-түлік түрлері қыркүйек айында сәл де болса қымбаттаған:
Тағамдық сода- +2,8%
Кофе - +2,6%
Апельсин -+2,5%
Жармалар (құрт, қарақұмық т.б. )- +1,5%
Консервіленген жемістер -+1,2%
2025 жылдың қыркүйегінде Қазақстандағы жылдық инфляция деңгейі 12,9%-ды құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бағаның айтарлықтай өскенін көрсетеді.
Жылдық салыстыруда кейбір тауарлар арзандаған:
Күріш- 8,2%-ға арзандады
Құрма (курага)- 3,5%
Арахис- 2,2%
Алайда жалпы алғанда, құрғақ жемістер мен жаңғақтардың бағасы бір жыл ішінде 2,3%- ға өскен.
Бағасы өскен қызмет түрлері
2024 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда келесі қызмет түрлерінде баға айтарлықтай көтерілген:
Аяқ киім жөндеу қызметі- 9,4%- ға қымбаттады
Тұрғын үйлерге қызмет көрсету мен жөндеу- 6,9%
Бассейнге бару қызметі- 10,3%
Тренажер залдарына жазылу- 9,5%
Бұл өсім қызмет көрсету саласындағы инфляцияның әлі де жоғары қарқында екенін көрсетеді. Әсіресе жеке тұрмыстық қызметтер мен демалысқа байланысты сервистердің қымбаттауы халықтың күнделікті шығынын арттырып отыр.
Тұтыну бағасы индексі (ТБИ) қалай есептеледі?
Тұтыну бағасы индексі – халықтың тұтыну себетіне кіретін тауарлар мен қызметтердің бағасының өзгеруін өлшейтін негізгі көрсеткіш. Ол ай сайын 508 түрлі тауар мен қызмет түріне негізделіп есептеледі.
2025 жылғы қантардан бастап ТБИ құрылымы мынадай үлес салмақпен есептеледі:
Азық-түлік тауарлары- 40%
Азық түлік емес тауарлар- 30,3%
Ақылы қызметтер- 29,7%