Қала мен көше атауларының қазақшалуаны қарсы азамат сот алдында жауап беруде

Dalanews 18 қыр. 2016 03:03 816

Еліміздің солтүстігінде «Қазақстанның қалалары мен көше атауларын қазақшаға өзгертетін болса референдум өткіземіз» деп бастама көтерген азамат сотталып жатыр. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Қазақ атауларына қарсы шыққан 37 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны. Ұлтаралық және дінаралық араздық тудыртып, сепаратистік бастамалар көтергені үшін енді ол заң алдында жауап беретін болады.

Сотта айтылғандай 37 жастағы Игорь Чуприн 2014 және 2015 жылдары өзінің «Bконтакте» әлеуметтік парақшасында халық арасындағы алауыздықты тудыратын жазбаларды үнемі үздіксіз жариялап отырған. Әсіресе, Петропавлдағы ауылдар мен көше атауларының қазақ тіліне өзгеруіне қарсы болып, «Вконтакте» парақшасында өзіне жақтастар іздеген. Аталмыш жазбалар көптеген желі қолданушыларының наразылығын тудырған.

– Менің "Ояныңдар, референдум" дегені қатты жаныма батты. Мен бұны өзіме ұлттық қауіп ретінде қабылдадым, – деді куәгерлердің бірі Данияр Әбжікеев.

 

Дереккөзі: kaz.caravan.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар