“Қайрат” ФК Канье Уэсттің концертіне байланысты мәлімдеме жасады

“Қайрат” ФК Канье Уэсттің концертіне байланысты мәлімдеме жасады
Фото: facebook.com/fckairat, Getty Images

"Қайрат" футбол клубы Канье Уэсттің Орталық стадионда өтеді деп жоспарланған концертіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Клубтың хабарлауынша, концертті дәл осы стадионда өткізу мәселесі әзірге команда басшылығымен келісілмеген. Бұған Қазақстан Премьер-лигасының тығыз күнтізбесі мен еурокубок аясында өз алаңында өтуі мүмкін матчтар себеп.

"Мұндай ауқымды концертті ұйымдастыру үшін сахнаны орнату мен кейін бөлшектеуге ұзақ уақыт қажет. Сонымен қатар бұл футбол алаңы мен стадион инфрақұрылымына айтарлықтай салмақ түсіреді. Тығыз ойын кестесі жағдайында бұл көгалдың сапасына, аренаны ресми матчтарға дайындауға және ойындарды талапқа сай өткізуге әсер етуі мүмкін", – деп мәлімдеді клуб.

Еске салайық, бұған дейін Канье Уэсттің 14 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда концерт беретіні хабарланған еді.