Әлемге әйгілі рэпер Канье Уэст Алматыға келеді. Өнерпаз Қазақстандағы алғашқы концертін 14 тамызда Алматының Орталық стадионында өткізеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұл туралы Уэсттің продюсері Джозеф Карре Instagram парақшасында мәлімдеді.
Ұйымдастырушылар ұсынған мәліметке сәйкес, концерт билеттерінің бағасы 120 мың теңгеден 350 мың теңгеге дейін болады. Жалпы сатылым 22 шілдеде басталады.
Айта кетейік, өнер иесі қазіргі уақытта LIVE CONCERT TOUR 2026 атты әлемдік тур аясында өнер көрсетіп жүр. Гастроль сәуір айында Лос-Анджелесте басталып, кейін Еуропа мен АҚШ-тың бірқатар қаласында жалғасқан. Енді осы турдың аясында рэпер алғаш рет қазақстандық жанкүйерлерімен кездеседі.