Ресей президенті Владимир Путин Украинаны Ресейдің ажырамас бөлігі ретінде қабылдайды және оған украин жерінің бір бөлігін ғана иемдену жеткіліксіз. Бұл туралы АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден BBC News-ке берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Байденнің айтуынша, Ресейге Украина жерінің бір бөлігін беруге келісу – “заманауи басу, тыйым салу” (яғни, агрессорды тыныштандыру) саясатының көрінісі. Ол Путиннің мақсаты – Кеңес Одағы кезіндегі ықпалын қалпына келтіру екенін жеткізді.
“Ол Кеңес Одағының ыдырағанын мойындағысы келмейді. Ал егер біреу оның осы әрекеттерін тоқтатады деп ойласа — ол адам ақымақ”, — деді Байден.
Сондай-ақ ол Дональд Трамптың билікке қайта оралуы АҚШ пен Еуропа арасындағы қарым-қатынасты нашарлатуы мүмкін екенін ескертті. Байденнің пайымынша, мұндай сценарий әлем тарихын түбегейлі өзгертуі мүмкін.
Айта кетейік, бұл — Байденнің Ақ үйден кеткеннен кейінгі алғашқы сұхбаты.
АҚШ ұсынған бейбіт жоспардың мазмұны қандай?
Сәуір айында Парижде өткен кездесуде АҚШ делегациясы Украина мен Еуропа елдеріне Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату жөніндегі ұсыныс-жоспарын ұсынды.
Оған сәйкес:
• Құрама Штаттар Қырымды Ресейдің бір бөлігі ретінде де-юре (заң жүзінде) мойындауға дайын;
• 2022 жылдың ақпанынан бері Ресей әскері басып алған аумақтар Ресейдің бақылауында қалмақ, алайда олардың аннексиясы халықаралық деңгейде мойындалмайды;
• Тек Харьков облысының аздаған бөлігі ғана Украинаның бақылауына қайтарылуы тиіс делінген.
Алайда Украина президенті Владимир Зеленский бұл жоспармен үзілді-кесілді келіспейтінін білдірді. Ол Киев ешқашан Қырым мен басқа да оккупацияланған аумақтардың Ресей юрисдикциясын мойындамайтынын мәлімдеді.
“Мұндай ұсыныстар тек соғысты созуға ғана алып келеді”, — деді Зеленский.