Никонов-сиконовтар оқымағандықтан, сауатсыздықтан айта салмайды. Оның арғы жағында Қазақстанды Ресеймен бір Одаққа қосу сияқты Путинның жымысқы саясаты жатыр, деп пайымдайды facebook-те журналист Тоқтар Жақаш.
2022 жылға дейін Путин әкімшілігі Беларусь пен Қазақстанды Ресеймен бір Одаққа қосып, Путиннің рейтингін көтеру үшін жұмыс істеп.
Бұл қазақ билігіне жасалып жатқан қысым екені анық. Соңғы уақытта Қазақстан сыртқы және ішкі саясат бойынша шешімдерді Кремльдің келісімінсіз қабылдап жүр. Бұл Кремльге мүлдем ұнамайды. Біздің коммунистердің де никоновтың пікірін қоштай жөнелуі - Кремльдің тікелей тапсырмасы. Ендігі қадам қандай болмақ? Путиннің айтқанына бас шұлғып, бодандық қамытын қайта киеміз бе, әлде, Ресеймен арада белгілі субординация ұстаймыз ба? Соңғы шешімге саяси басшыларымыздың ерік-жігері жете ме екен? Біздің билікке "обал" болды! Халыққа сүйеніп, Ресеймен арадағы ала арқанды кесіп тағы кете алмайды. Өйткені, өз халқына сенбейді. Ресейдің айтқанын бұлжытпай орындағысы да келмейді. Енді не болар екен? Шахмат тақтасындағы жүріс енді біз жақта. Бірде-бір фигурадан айырылуға болмайды! Қиын. Билік үшін қиын кезең енді басталды. Халқынан алыстаған үкіметтің көретін күні осы!