Ақпармин ресейлік олигарх Константин Малофеев иелік ететін медиахолдингке бірнеше рет ескерту жасаған. Сайт басшылығы Қазақстанның шағымына құлақ аспады. Керісінше "қазақ ұлтшылдарына" тіл тигізіп, теріскейді тартып алуға қатысты контентті көбейте түскен. Ақыры, бұғатталып тынды.
Холдингтің иесі олигарх Малофеев 2014 жылдан бері Украинаның шығысындағы сепарларды үзбей қолдап келеді. Ол Путиннің сенімді деген сыбайластарының бірі.
DALA INSIDE телеграм арнасының анықтағанындай Малофеев православ шіркеулерін қаржыландырады әрі шіркеудегі үгіт-насихатты сүзгіден өткізетін кураторлардың бірі.
Арнаға жеткен мәлімет бойынша еліміздегі Православ шіркеуінде Ресейдің басқыншы саясатын қолдамайтын поптардың қатары көбейу үстінде. Шіркеу қызметкерлері Киевтің ізімен Мәскеу Патриархатынан бөліну идеясын (автокефалия) қызу талқылауда.
Ал сала басшысы Дархан Қыдырәлі ресейлік пропагандистердің нысанасына ілігуі мүмкін. Еліміздегі Шибұтов, Әшімбаев сынды ресейшіл сарапшылар мұның "қауіпті үрдіс" екенін айтып, дабыл қағуы ғажап емес.
Министр осы бетінен қайтпай информалаңды ресейдің шлагынан тазарту жұмысын үдете түседі деген ойдамыз.
DALA INSIDE телеграмына жазыл да, Англияға жұмысқа бар. Толығырақ: https://t.me/dalainside/1426