Прокурор ұрыларды базарға күзетшілер кіргізетінін айтты

Dalanews 28 нау. 2017 02:08 884

Заңдылықты, құқықтық тəртіпті жəне қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында Бас Прокурор Жақып Асанов базарлар мен дүкендерді күзететін күзет фирмаларының жұмысына күмəн келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

– Қарапайым халықтан  базарлар мен үлкен дүкендерді күзететін күзет фирмалары  «жұмыс» істеп алсын деп ұрыларды белгілі бір уақытта ішке кіргізеді деп естідім.  Егер сол базарды, дүкенді күзететін күзет фирмасы ұрыларды ұстай алмаса, лицензиясын  алайық. Неге олар өз аумағындағы қауіпсіздікке жауап бермейді?! Əрбір бесінші ұры үлкен базарларда, дүкендерде жасалады екен. Күзет фирмалары күзететін базарлар мен дүкендерге қатысты шараны күшейту керек, – деді Жақып Асанов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай,  Қазақстанда ұрлық фактілері бүкіл қылмыстың 60 пайызын құрап отыр. Соңғы бес жылда ұрлықтан келген шығын 70 млрд теңгеден асып кеткен.

– Қазақстандағы қылмыстардың 64% пайызы ол –  ұрлық. Халықтың мазасын кетіріп отырған да  – ұрлық. Жылдан жылға көбейіп келеді. Халық құқық қорғау органдарына сенбейді. Өйткені, ұрлық фактілерінің 70 пайызы ашылмай қалған, – деді үйлестіру кеңесінің отырысында Бас прокурор Жақып Асанов.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар