Талдықорғанда 32 жастағы Айзат Жұманованың өліміне қатысты сот процесінде мемлекеттік айыптаушы сөз сөйледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Прокурор тергеу барлық заңнамаға сай өткенін атап қтіп, күдіктіні 15 жылға соттауды сұрады.
Айта кетейік, тергеу дерегінше, оқиға 22 маусымға қараған түні болған. Айзаттың күйеуі Айбар Жанболат әйелін үйінің маңында қатыгездікпен соққыға жыққан деген күдік бар.
Оқиғадан кейін ер адам әйелін Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханаға жеткізген. Алайда Айзат Жұманова жансақтау бөлімінде көз жұмған.
Іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр.
