Прокурор Әділетхан Молдаханды 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Сот жарыссөзі барысында мемлекеттік айыптаушы соттан Әділетхан Молдаханға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сондай-ақ, оған қылмысты ауырлататын мән-жайларға қатысты қосымша бір бап бойынша айып тағылған. Оның нақты себебі әзірге жарияланған жоқ.
Бүгін тараптардың жарыссөзі аяқталды. Іс бойынша сот үкімі ертең жарияланады.