Алматы прокуратурасы Қазақстан-Британ техникалық университетін (ҚБТУ) сатуды жарамсыз деп тануды талап етіп, «ҚазМұнайГаз» компаниясы мен Нұрсұлтан Назарбаев білім беру қорын сотқа берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Прокурорлардың пайымынша, ҚМГ ұлттық компаниясы университетті Қорға сатқанда мемлекетке шығын келген.
БАҚ-та тараған дерекке қарағанда, қордың үш иесі бар. Олардың қатарына бұрынғы Президенттің ортаншы қызы Динара Құлыбаева да кіреді.
ҚМГ университетті 2018 жылы аукцион арқылы бейінді емес актив ретінде сатқан. ҚБТУ-ды Нұрсұлтан Назарбаев білім беру қоры 11 миллиард 300 миллион теңгеге сатып алды. Бұл мәмілені жасау кезінде мемлекетке келтірілген шығын 11 млрд теңгеге бағаланып отыр.
Кейбір дереккөздер университеттің сатып алу-сату шарты бойынша ҚБТУ екі жылға, яғни 2020 жылдың соңына дейін сатылмаған. Бірақ енді Динара Құлыбаева мен басқа да қожайындар ЖОО-ны сата алады. Бәлкім, осы мәселе прокуратураның әрекетіне - оның мәміледен бас тартуға және сол арқылы университетті ҚМГ меншігіне қайтаруға ұмтылуына себеп болуы мүмкін.
Сонымен қатар, тура бір жыл бұрын, 2023 жылдың 7 ақпанында ҚБТУ-дың бас ғимаратын жалға алу мерзімі аяқталды. Оқу орны жерді мемлекеттен жалға алған. Алайда Алматы жер комиссиясы жалға беру мерзімін ұзартты ма, жоқ па, белгісіз.