"Проблемалар шешілмеді, жемқорлық көбейді". Бөлекбаев пен Әбдіғалиұлының тағдыры не болмақ?

Көркем Алдабергенова 27 нау. 2024 14:09 4343

Дереккөздер Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев пен Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының тағдыры қызу талқыланып жатқанын жеткізді, - деп хабарлайды Dalanews.kz «Чемодан госсекретов» телеграм арнасына сілтеп.

Дереккөздер Қарағанды облысын басқаруды Жеңіс Қасымбектен кейін қолға алған Ермағанбет Бөлекбаев бір жылда айтарлықтай нәтиже көрсете алмағанін жазады. ArcelorMittal (қазіргі Qarmet) шахтасында болған жағдайларда да ол бүкіл жауапкершіліктен бас тартқан.

«Артынша Бөлекбаев қала басшысы болған кезінде Қарағандыда заңсыз салынған құрылыстарға қатысты проблемалар пайда болды. Облыста Саран, Молодежный және Шахтинск қалаларында жылуға қатысты проблемалар да болды. Оның себебі тек ақаулар ғана емес, сонымен қатар қымбатқа сатып алынған сапасыз көмір болды, бұл сыбайлас жемқорлық әрекеті болды дегенді білдіруі мүмкін», - делінген телеграмда.

Одан бөлек, облыста су тасқыны проблемасы да бар.

«Тек ауыл мен облыстағы жолдарды ғана емес, аудан орталығын да су басып жатыр. Бөлекбаевтың командасы жыл сайын қайталанатын проблема – тыныш аудандардағы су тасқыны проблемасымен күресе алмай отыр», - делінген «Чемодан госсекретов» телеграм арнасындағы жазбада.

Дереккөз Ұлытау облысының басшысы болып Берік Әбдіғалиұлы келгелі облыста жемқорлыққа қатысты дау көбейгенін айтады.

«Басында Сәтбаев әкімі ұсталды, кейіннен облыстық мәдениет басқармасының басшысы да ұсталды. Қазіргі заңнама бойынша ол (Берік Әбдіғалиұлы) отставкаға кетуі керек. Ұлытау облысында да жүйелі түрде бюджеттің игерілмеуімен байланысты проблемалар болып тұрады: аймақ жеке инвесторларды былай қойғанда бюджет қаражытының өзімен дамымай отыр».

Дереккөз мәліметінше, екі әкімге де жағдайды түзеуге мүмкіндік берілгенімен олар оны пайдаланбаған. Сондықтан алдағы уақытта кадрлық ауыс-түйіс болуы мүмкін.

Айта кетейік, күні кеше телеграм арналарда алдағы күндері Астана қаласы, Қарағанды және Ұлытау облыстарында бірқатар тағайындау болуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Әлихан Смайылов Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалуы мүмкін. Осылайша Смайылов Қасымбектің орнына келмек. Дереккөз мәліметінше, Ұлытау облысының әкімі болып – Қарағанды облысының қазіргі басшысы Ермағанбет Бөлекпаев тағайындалуы мүмкін. Ал Қарағанды облысына қайтадан Жеңіс Қасымбек келуі ықтимал.Осылайша Астана қаласының әкімі болып экс-премьер Әлихан Смайылов тағайындалуы мүмкін.

Телеграмдағы мәлімет бойынша, Смайыловтың осы қызметке келуі шешіліп қойған. Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысының қабылдауында болған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар