Жалпы, Қырғызтандағы жағдайдың ушығуына президенттің бауырның азды-көпті үлесі бар.
4 қазанда өткен Парламент сайлауда Асылбек Жәнібеков билікте отырған ағасын қолдайтын партия құрып, сайлаушылардың 24,5 пайыз дауысына ие болып, жеңіске жеткен төрт партияның бірі атанған еді.
Бұдан кейін халық сайлаудың әділ өтпегенін алға тартып көшеге шыққаннан кейін 6 қазанда Қырғызтанның Орталық сайлау комиссиясы сайлауды әділ өтпегенін алға тартып, оның қорытындысы заңсыз деп тапқан болатын.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан Ош қаласында кездесуде қарапайым халық Асылбек Жәнібековке тарпа бас салып, оны шапалақпен салып-салып жібергенін байқауға болады. Бұдан кейін президенттің бауырының жақтастары араға түсіп, оның арашалап, алып кеткенін көруге болады.
https://www.youtube.com/watch?v=KJ4ISpSq7RU&feature=emb_logo