Президент тапсырмаларының орындалу уақыты белгілі болды

Қаракөз Амантай 09 қыр. 2025 15:20

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтқан тапсырмаларын орындау мерзімдерін белгіледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, Үкімет алға қойылған міндеттерді дер кезінде әрі сапалы орындауға ниетті.

“Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір апта ішінде Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспардың жобасын әзірлеп, келесі Үкімет отырысына шығару қажет. Әрбір тармаққа нақты жауапты бекітіліп, ең бастысы – нәтиже болуы тиіс. Үкімет қабылдайтын барлық шара азаматтарымыздың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға бағытталуы керек”, – деді Бектенов министрлер кабинеті мүшелеріне.

Сөз соңында Премьер-министр мынадай қосымша тапсырмалар берді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар