Президент іс басқарушысының әкесі де ұзақ уақыт осы қызметте орынбасар болған

Сағыныш Сардарова 08 ақп. 2024 15:15 3034

Жуырда ғана Асат Нұрпейісов Президенттің іс басқарушысы болып тағайындалған еді. Ол - Ескі Қазақстанда Президент іс басқарушысының орынбасары қызметін атқарған Болат Нұрпейісовтің ұлы, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұған дейін Асат Нұрпейісов те әкесі секілді Президент іс басқарушысының орынбасары қызметін атқарды. Ал 2019 жылы "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің директоры болып жүрген кезінде Президенттік жастар кадр резерві құрамына енген.

Оның әкесі Болат Нұрпейісов бұл қызметті 1996-2006 жылдары атқарған. 2006 жылы ол қызметінен босатылды. Оның себебі басқа жұмысқа ауысу екені айтылды. Бұл кезде Болат Нұрпейісовтің орнына Сергей Фомичев келген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар