Президент ақпараттық қауіпсіздік бойынша кеңес өткізді

Dalanews 14 ақп. 2020 04:23 237

Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  

Ведомстволардың және құқық қорғау органдарының басшыларының қатысуымен өткен жиында Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаға байланысты алдын алу және ақпараттық жұмыстар жөніндегі мәселелер қарастырылды.

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына алдағы уақытта мұндай оқиғаларға жол бермеу үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырды.


Қазақстан Президенті жалған ақпарат тарату және арандату сипатындағы кез келген әрекеттің жолын кесіп, ақпараттық кеңістіктегі жұмыстарды күшейтуді талап етті.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x