Астананың полиция департаменті экс-шенеунік Ержан Бабақұмаровтың қазасын растады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алдын ала мәлімет бойынша, бұрыннан таныс адамдар арасында ауызша жанжал туындап, төбелес болған. Салдарынан 56 жастағы ер адам алған жарақаттарынан көз жұмған.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Dalanews.kz дереккөзі Ержан Бабақұмаровтың қаза болғанын хабарлаған еді.
