"Соңғы бір күнде КВИ жұқтырған 10 адам және пневмониямен ауырған 20 адам көз жұмды. Қазір бұрынғыдай емес, КВИ жұқтырғандарды симптомды, симптомсыз деп бөліп-жармаймыз. Барлығын тұтас дерекке енгіземіз. Осы арқылы елдегі індеттің таралу ауқымын шынайы бағалай аламыз.
Ковид жұқтырған, алайда белгілері байқалмайтын әрбір науқас түптеп келгенде індетті таратушы", – дейді министр.
Бұдан бөлек министрліктің пневмониямен ауырғандардың санын есепке алып жатқанын айтты. Соңғы бір тәулікте пневмонияға шалдыққан 1247 жағдайы тіркелген.
"Жағдайды бақылауда ұстаудамыз. Науқастарға тиісті ем-дом жасалуда", – дейді Цой.
Ал коронавирустан көз жұмғандардың саны 198 адамға жетті.