Алматыдағы Алатау ауданының 13-шағынаудан тұрғындары шу шығарды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Олардың сөзінше, пәтер иелерінің кооперативі коммуналдық қызметке бөлінген қаржыны жымқырып кеткен. Салдарынан тұрғындар таңғы уақыттан кешке дейін жарықсыз отырған.
Тұрғындардың айтуынша, ПИК басшылары 95 миллион теңгені жымқырып, қашып кеткен.
Жарықтың ақшасы төленбеген. Халық наразы. Жиынға ПИК-тің бір адамы келген жоқ. 45 полицей келді. Көшені жабайық десек рұқсат бермей тұр, - дейді тұрғындар.
Тағы бір видеода ер адам тұрғындарды тыныштық сақтауға шақырып, жарық 10 минутта қосылады деп уәде берген. Ол кінәлі тұлғалардың үстінен арыз жазып, жауапқа тарту керегін айтқан.
Құзырлы органдар әзірге бұл жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.