Петропавлда Мағжан Жұмабаев орталығы ашылды

Ақтоты Жапатова 15 там. 2025 10:42

Бүгін Петропавл қаласында ақын, ағартушы, Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын насихаттауға арналған Мағжан орталығы салтанатты түрде ашылды,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Мемлекет басшысы Мағжан Жұмабаевты тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі жұртының мақтанышы деп атап өтті. Оның Отанға деген сүйіспеншілікке толы жырлары халқымыздың рухани қазынасының алтын қорына енгенін ерекше айтты.

Жаңа орталық – ғылыми зерттеулер, мәдени-ағартушылық жобалар мен шығармашылық бастамалар жүзеге асатын заманауи интеллектуалдық алаң болмақ. Бұл — ақынның бай мұрасын танып-білу және кеңінен насихаттау жолындағы маңызды қадам.

Салтанатты іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Халықаралық түркі мәдениеті және мұрасы қорының басшылығы, меценаттар, ақынның ұрпақтары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Мағжан орталығының ашылуы – рухани құндылықтарды сақтау, ұлттық мәдени бірегейлікті нығайту және Қазақстанның түркі әлеміндегі рухани-мәдени орталық ретіндегі рөлін арттыруға бағытталған маңызды оқиға саналады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар