Ақтау халықаралық әуежайында ҰҚК қызметкерлері есірткіні денесіне жасырып тасымалдаған шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Тергеу мәліметінше, ол "жұтушы" ретінде әрекет еткен.
Тексеру барысында оның асқазанынан жалпы салмағы шамамен 1 келі болатын апиын салынған 114 герметикалық капсула анықталған.
Ведомство мәліметінше, сәуір айынан бері күштік құрылымдар есірткі жеткізумен айналысқан тоғыз халықаралық және екі өңірлік арнаның жолын кескен. Сонымен қатар бір фитозертхананың қызметі тоқтатылған.
Есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдау және тарату ісіне қатысы бар деген күдікпен 23 қазақстандық пен үш шетел азаматы ұсталды.