Перизат Қайраттың қандай дүние-мүлкі сатылмақ?

Сағыныш Сардарова 05 қыр. 2025 15:16

Перизат Қайрат пен анасының мүлкі аукционға қойылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҚМА мәліметінше, ұрланған ақшаға сатып алынған мынадай мүлік тәркіленген:

  • Vela Village коттедж қалашығындағы жеке үй;
  • Akbulak Riviera, Sensata Plaza, Highvill Ishim Gold, "Көк Жайлау" тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер, тұрақ орындары;
  • 2024 жылғы Mercedes-Benz S450, 2024 жылғы Lexus LX 600, 2023 жылғы Mercedes-Benz EQE 500 4 matic, 2024 жылғы Haval H6 GT көліктері;
  • Rebel Flowers (гүл бизнесі) ЖШС жарғылық капиталындағы 100 пайыз үлес;
  • 97 миллион теңгеден аса қаржы және 22 мың доллар.

Перизатқа қатысты іс

Еске салайық, биыл 25 шілдеде Астана қаласындағы ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында Перизат Қайрат пен анасына қатысты сот үкімі шықты.

Сот үкімімен Перизат Қайрат 10 жылға сотталды. Анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды.  

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы, 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы және 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Прокурорлардың мәліметінше, 2021 жылдан 2024 жылға дейін Перизат Қайрат пен оның анасы 3,5 млрд теңгені қолма-қол шешіп алған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар