Павлодарда жаяу жүргіншілер өткелінде "сальто" жасаған қыз сот алдында жауап берді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Жаяу жүргіншілер жолағында ерекше қылық көрсеткен қызға қатысты әкімшілік іс қаралған. Оқиға Н.Назарбаев даңғылы мен академик Шөкин көшесінің қиылысында болған.
Сот мәліметінше, қыздың әрекеті қоғамдық тәртіп талаптарын бұзған.
Дегенмен сот оның кінәсін толық мойындағанын және бұған дейін құқықбұзушылық жасамағанын ескеріп, әкімшілік жауапкершіліктен босатқан.