Павлодарда Халық банкті тонаған ресейліктер болып шыққан

Көркем Алдабергенова 25 ақп. 2025 16:04 711

Павлодарда былтыр қарашада Халық банкті тонаған ресейліктер болып шыққан, деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл ақпаратты Полиция департаменті растады. Былтыр қарашада Павлодарда белгісіз біреулер банк пен жертөлені байланыстыратын қабырғаны тесіп кірген. Қарақшылар жалпы сомасы миллиард теңге болатын мүлікті ұрлаған. Оның ішінде ақша мен әшекейлер бар. 

Бүгін Павлодар облысының полиция департаменті Павлодардағы Халық банкінің бөлімшесінде ұрлық жасады деген күдіктілерді анықтап, ұстағанын хабарлады. Олар Ресей Федерациясының аумағында ұсталған. Ресей Федерациясының азаматтарына қатысты қазақстандық соттың шешімі бойынша қамауға алуға санкция берілді.

ҚР ІІМ халықаралық уағдаластықтар аясында ресейлік әріптестермен бірлесіп жедел-тергеу тобы құрылды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданатын болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар