Павлодарда мас күйдегі ер адам полицияның қызметтік көлігін айдап кетіп, жол апатына ұшырады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Полицияның мәліметінше, күдікті көлікті айдап кетер алдында дүкендердің бірінен ұрлық жасаған. Кейін ол полицияның қызметтік автокөлігіне заңсыз кіріп, көлікті айдап кеткен. Алайда көп ұзамай жол апатына түскен.
Павлодар облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, дүкендегі ұрлық пен қызметтік автокөлікті заңсыз иемдену фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.
"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол мас күйде болған. Көлікті айдап кеткеннен кейін жол-көлік оқиғасын жасаған. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Қызметтік автокөліктің айдап кетілуіне жол берілуіне байланысты қызметтік тексеру басталды", – деп мәлімдеді ведомстводан.