Freedom Inside '26

Павлодарда бір топ адам зират қарауылына шабуыл жасаған

Павлодарда бір топ адам зират қарауылына шабуыл жасаған
gov.kz

Павлодарда қалалық зираттардың бірінің қарауылы шабуылға ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша зират аумағына бір топ жасөспірім кіріп, ер адамға шабуыл жасаған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Зардап шеккен 1963 жылы туған азаматқа оннан аса пышақ жарақаты салынған. Ол облыстық Сұлтанов атындағы ауруханаға жеткізілді.

Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, ер адам ем қабылдап, бесінші күні ауруханадан шығарылған.

Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір оқиғаға қатысы бар барлық адам анықталған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.