Павлодарда "Ақ жол" партиясы құрғақ уәде емес, нақты атқарған істері жайында әңгімелеп, сайлаушыларымен сұхбаттасты

Dalanews 13 нау. 2023 05:39 909

"Ақ жол" партиясы республикалық шабының мүшелері Павлодар облысының тұрғындары және кәсіпкерлермен кездесті, – деп хабарлайды Dalanews.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ақ жол" демпартиясы республикалық сайлауалды штабының мүшелері өңірлердегі жұмысын жалғастыруда. Кеше олар Павлодар облысының тұрғындары және кәсіпкерлерімен кездесті. 500-ге жуық адам жиналған «Естай» орталық мәдениет сарайында «Ақ жол» кандидаттары партияның саяси бағдарламасын таныстырылды.

Жиынға партия төрағасы Азат Перуашев, төраға орынбасарлары Ерлан Барлыбаев, Берік Дүйсембинов, Павлодар облысынан бір мандатты сайлау округі бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидат Фуат Сатыбаев, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттар, облыс тұрғындары және қолөнершілер қатысты.

«Ақжолдықтардың» мұндай кездесулердегі ерекшелігі – олар кандидаттардың көпшілігі сияқты жоспарларын ғана айтып қоймайды. Сайлаушылар енді үгіт-насихатшылардың құрғақ уәдесін тыңдағысы келмейді, әлеуметтік желілерде халықтың мұндай үгітшілердің сөзін бөліп, одан да депутаттық мандатқа үміткердің нақты қандай мақсатқа қол жеткізгенін айтуды талап ететін видеолар көп.

«Ақ жол» партиясының өкілдері бағдарламаның таныстырылымын әр тақырып бойынша өз іс-әрекеттерінен нақты мысалдармен дәлелдеп, қол жеткізілген нәтижелер туралы баяндайды.


Айталық, өткен жылғы Конституциялық реформаны қолдау туралы айта келіп, Азат Перуашев Қ.Тоқаевтың «Күшті президент – ықпалды парламент – есеп беретін үкімет» формуласын іске асыру бойынша «Ақ жол» фракциясы Парламент туралы, Үкімет туралы, Бюджет кодексі сынды заңдарға қандай ұсыныстар әзірлеп, ұсынғанын айтып, бұл ұсыныстарға парламенттік көпшілік қалай тосқауыл қойғанын хабарлады.

"Ақ жол" төрағасының партияның жемқорлардың заңсыз шығарған капиталын елге қайтару, жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылдау, салалық салық мөлшерлемелерін енгізу туралы айтқан фактілері жиналған қауымның үлкен қолдауына ие болды.

Қала тұрғындары көкейдегі сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

Жиын соңында Азат Перуашев облыс тұрғындарын Павлодар облысының бір мандатты округі бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидат, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутатты болған Фуат Сатыбаевқа және «Ақ жол» партиясынан барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға қолдау көрсетуге шақырды. Аталған партияластар ел қошеметімен бір команда болып сахнаға көтерілді.

«Ақ жол» демпартиясы – кәсіпкерлер партиясының басшылығы жергілікті қолөнершілердің көрмесін тамашалады.

Шеберлер мемлекет тарапынан гранттық қолдаудың жоқтығын айтып, түйткілді мәселелерімен бөлісті. Шағын кәсіпкерлікке бөлінетін көмек – кейде жас шектеуіне байланысты (35 жасқа дейін), кейде басқа жұмысы жоқ деген талаптан сәйкес келмейді.

Ал, олардың көпшілігі үшін қолөнер әуелі сүйікті ісі әрі табыс көзі. Дегенмен, бұл сүйікті іс дұрыс бағытын тапса үлкен бизнеске айналуы мүмкін.



Аазат Перуашев микробизнес пен жергілікті туризмді дамыту бағдарламаларына байланысты қолөнерді қолдау мәселесін зерттеуге уәде берді.


Мұнан соң, Азат Перуашев, Ерлан Барлыбаев, Берік Дүйсембинов жексенбіге қарамастан Павлодардағы баспа үйіне барып, жаңадан баспа желісінің жұмысымен танысып, кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесті.

Одан кейін «Ақжолдықтар» Екібастұз қаласына келіп, «Горэлектросеть» және Су арнасы кәсіпорнының басшылығымен қалалық коммуналдық қызметтің жай-күйін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың тарифтік саясатының мәселелерін және энергетика саласындағы делдалдардың үстемдігін талқылады.

Бүгін «Ақ жол» демпартиясы республикалық штабының басшылығы жұмысын жалғастыру үшін Маңғыстау облысына ұшып кетті.

*Материалдың ақысы «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлау қорынан төленді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар