Павлодар облысында жүк көлігі тротуарда келе жатқан балалы әйелді қағып кеткен

Павлодар облысында жүк көлігі тротуарда келе жатқан балалы әйелді қағып кеткен
видео кадры

Павлодар облысында жүк көлігі тротуарда келе жатқан балалы әйелді қағып кеткен, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оқиға 24 мамырда Екібастұз қаласында болған. ГАЗель көлігінің жүргізушісі артқа қарай қозғалып келе жатып, тротуарда бала көтеріп тұрған әйелді қағып кеткен.

Салдарынан әйел түрлі дене жарақатын алған. Ол ауыр жарақаттармен жансақтау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайы қалпына келгеннен кейін травматология бөліміне ауыстырған.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, қазір науқастың жағдайы тұрақты. Оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Полиция көлік айып тұрағына қойылғанын хабарлады. Бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалған.