Павлодар облысы әкімінің экс-орынбасары жаңа қызметке тағайындалды

Қаракөз Амантай 27 мам. 2024 11:37 2360

Айзада Құрманова Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айзада Амангелдіқызы Құрманова Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген Қазақстан Республикасы Үкіметінің хабарламасында.

Айзада Құрманова 1970 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Павлодар педагогикалық институтын, Инновациялық Еуразия университетін бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы Павлодар облысы Май ауданы орта мектебінде мұғалім болып бастаған. Әр жылдары оқу бөлімінің меңгерушісі, орта мектеп директоры болып жұмыс істеген.

2002-2007 жылдары Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы;

2007-2009 жылдары Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары;

2009-2011 жылдары Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының басшысы;

2011-2014 жылдары Павлодар облысы Лебяжі ауданының әкімі;

2014-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

2016-2020 жылдары VI сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар