Париж Олимпиадасы: Бүгін Назым Қызайбай қытайлық боксшымен жұдырықтасады

Қаракөз Амантай 06 там. 2024 10:10 8213

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әйелдер боксынан Назым Қызайбай жартылай финалда қытайлық Ву Юмен сынға түседі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұған дейін Назым Қызайбай қарсыласы Ву Юға байланысты пікір білдірген еді. Айтуынша, ол өте тәжірибелі боксшының бірі.

“Келесі қарсыласым мықты, қытайлық боксшы. Ол әлем және Азия ойындарының чемпионы. Десе де, жекпе-жекке жақсы дайындалып, жеңуге тырысамын. Алтын медаль үшін бар күшімді саламын”, - деді Назым Қызайбай. 

Айта кетейік, жекпе-жек 6 тамыздан 7-не қараған түні 01:02-де басталады.

Еске салайық, Назым Қызайбай Олимпиада ойындарында алғашқы жекпе-жегінде Италия боксшысы Джордана Соррентиноны жеңді. Екінші жекпе-жегінде бразилиялық қарсыласы Каролин Барбоза де Алмейданы 5:0 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.

Ал ширек финалда Колумбия боксшысы Валенсия Виктория Ингрит Лоренаны ұтып, жартылай финалға жетті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар