Парламенттегі әйелдер квотасын 30 пайыз деңгейінде сақтау ұсынылды

Қаракөз Амантай 20 қаң. 2026 12:15

Қызылорда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың пленарлық отырысында “Әділ сөз” қорының жетекшісі Қарлығаш Жаманқұлова жаңа Парламент құрамындағы әйелдер квотасын сақтап қалу жөнінде ұсыныс білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, екі палаталы парламентте бір палаталы модельге көшу мәселесі сарапшылар арасында ұзақ уақыт бойы талқыланып келеді және бүгінде бұл бастама қоғам тарапынан кең қолдауға ие болып отыр. Осыған байланысты ол партиялық тізімдердегі әйелдер квотасын сақтау қажеттігіне ерекше назар аударды.

“Сіздер әйелдердің шешім қабылдау жүйесіне белсенді қатысуын үнемі қолдап келесіздер. Заң шығарушы органдардағы әйелдердің тұрақты қатысуы қабылданатын шешімдердің сапасын арттырып, өкілді институттардың легитимдігін күшейтеді. Осыны ескере отырып, әйелдерге арналған квотаны 30 пайыз көлемінде сақтауды сұраймын”, – деді Қарлығаш Жаманқұлова.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove