Парақорлық пен ұрлық: ҰҚК 860 істі сотқа жолдады

Самал Асқар 08 қаң. 2026 10:25

2025 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп, 895 адамның заңсыз әрекетінің алдын алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҰҚК мәліметінше, бір жыл ішінде 1052 қылмыстық іс тіркеліп, оның 969-ы бойынша тергеу аяқталған. Соның ішінде 860 іс сотқа жолданған. Анықталған сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу және бюджет қаражатын ұрлау деректеріне қатысты.

Қабылданған шаралар нәтижесінде ел бюджетіне 16,1 млрд теңге қайтарылған. Сонымен қатар құны 3,3 млрд теңгеге бағаланатын мүлікке тыйым салынған.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпарат берген 61 азаматқа жалпы сомасы 24,2 млн теңге көлемінде сыйақы төленген.

ҰҚК өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар