Паралимпиада жүлдегері бес жылдан бері әкімдік “сыйға берген” пәтерге ақы төлеп келеді

Паралимпиада жүлдегері бес жылдан бері әкімдік “сыйға берген” пәтерге ақы төлеп келеді
Фото: GOSrating

Токио Паралимпиадасында жүлде алған қазақстандық спортшы Әнуар Сәриевке бес жыл бұрын салтанатты түрде пәтер кілті табысталған. Алайда арада бес жыл өтсе де, баспана спортшының атына әлі рәсімделмеген. Соның салдарынан паралимпиада жүлдегері осы күнге дейін аталған пәтер үшін жалдау ақысын төлеп келеді. Бұл туралы GOSrating жазды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Токио Паралимпиадасынан кейін Атырау облысының сол кездегі әкімі Махамбет Досмұхамбетов жүлдегер спортшыларға пәтер кілтін салтанатты түрде табыстаған. Марапатталғандардың қатарында Паралимпиаданың күміс жүлдегері Әнуар Сәриев те болған.

Алайда жарияланған мәліметте спортшыға берілген баспана оның жеке меншігіне рәсімделмегені айтылады. Соның кесірінен Сәриев бес жылдан бері кезінде "сыйға берілді" деп табысталған пәтерде жалға алушы ретінде тұрып, ақы төлеуге мәжбүр.

Әзірге жауапты мемлекеттік органдар бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме жариялаған жоқ.