Пара алып ұсталған: Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья сотталды

Пара алып ұсталған: Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья сотталды
ҰҚК

Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья сотталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

18 қыркүйекте Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотының төрағасы Д.Әбдіқалықов пен судья С.Бертайға сот үкімі шығарылып, оларға 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағында және 366-бабы 3-бөлігі 2, 4-тармақтарында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылған. Биыл қаңтарда ҰҚК оларды ірі мөлшерде пара алу дерегі бойынша ұстаған болатын.