Пара алған: ҰҚК БҚО-да шенеунікті ұстады

Сағыныш Сардарова 12 қаң. 2026 10:18

ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарды заңсыз импорттау арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот санкциясымен Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшыларының бірі мен елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынды.

Олар ақшалай сыйақыға бола елге халық тұтынатын тауарларды кедергісіз әкелуге шетелдіктерге көмектескен.

"Олардың 100 млн теңгеден аса пара алғаны процестік тұрғыдан құжатталған. Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын - 1,9 млрд теңге", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove