Пәкістан Қырғызстандағы студенттерін қайтарып жатыр

Сағыныш Сардарова 20 мам. 2024 12:36 2312

Бішкекте болған оқиғадан дейін Пәкістан Қырғызстанда оқып жатқан студенттерін қайтарып жатыр. Бұл туралы Пәкістанның сыртқы істер министрі Мұхаммед Исхак Дар мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Кеше Пәкістанға коммерциялық рейспен 130-ға жуық студент оралды. Бүгін үш коммерциялық арнайы рейс ұйымдастырылды. Тағы 540 студент қайта алады, жалпы саны - 670 адам", - деп жазылған "Азаттық" радиосы мәліметінде.

Басылым мәліметінше, Мұхаммед Исхак Дар Қырғызстан сыртқы істер министрі Жиенбек Құлыбаевпен телефонмен келіссөздер жүргізіп, Бішкектегі Пәкістан азаматтарына қатысты болған оқиға туралы талқылаған. Бұл жөнінде 19 мамырда Қырғызстан СІМ жазды.

"17 мамырда әлеуметтік желілерде бірнеше адамның төбелесіп жатқан видеосы тарады, авторлар оның ішінде шетел азаматтары бар деп мәлімдеді, ал кейбір желі қолданушысы Қырғызстан азаматтарын соққыға жығылған деп жазды. Сол видеодан кейін 18 мамырға қараған түні Бішкектің шығыс жағында адамдар жинала бастады", - деп жазылған "Азаттық" дерегінде.

Ішкі істер министрлігі түнде қалада жиналғандар саны 700-ге жетті, ал таңертең олардың бәрі тарады деп хабарлады.

Бішкек милициясы бұл оқиғадан соң қылмыстық кодекстің 278-бабы ("Жаппай тәртіпсіздік") және 330-бабы ("Нәсілдік, ұлттық, діни немесе аймақаралық араздықты қоздыру") бойынша іс қозғалғанын және шетел азаматтары тұратын жатақханаға кіріп, зорлық-зомбылық жасаған жергілікті төрт тұрғынды анықтағанын хабарлады. Ақпаратқа қарағанда, милиция олардың екеуін және төрт шетел азаматын ұстаған.

Қырғыз үкіметі 18 мамырға қараған түні Бішкектегі тәртіпсіздік кезінде 29 адам зардап шекті, оның 15-і ауруханаға жеткізілді деп хабарлады.

Кейінге ресми ақпаратқа сәйкес, зардап шеккен үш шетел азаматы ауруханада жатыр, олардың халі тұрақты.

Былтырғы ресми мәліметтерге сай, Қырғызстанда 80 мыңнан аса шетел студенті оқып жатыр, бұл - елдегі студенттердің 35 пайызы. Шетел студенттерінің 61 пайызы – үндістандық, 32 пайызы – пәкістандық.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар