Өзбекстанда ажырасқаннан кейін ер адам экс-жұбайын баспанамен қамтамасыз етуге міндеттелуі мүмкін

Қаракөз Амантай 29 жел. 2025 18:36

Өзбекстан Сенатында әйелдердің құқығын қорғауға бағытталған заң жобасы қаралды. Енді ажырасқаннан кейін ер адам бұрынғы жұбайын баспанамен қамтамасыз етуге міндеттелуі мүмкін. Бұл туралы pressauz инстаграм парақшасы мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Заң жобасына сәйкес: 

  • неке бұзылған соң әйелдің тұратын баспанасы болмаса,мемлекет оны тұрғын үймен қамтамасыз ету тетігін қарастырады;
  • егер бұрынғы күйеуінің өз меншігінде үйі болмаса, ол бұрынғы жұбайының пәтер жалдау ақысын төлеуге міндеттелуі мүмкін.

Заң жобасы авторларының айтуынша, бұл норма әйелдердің әлеуметтік тұрғыдан қорғалуы мен олардың тұрмыс жағдайын тұрақтандыруды көздейді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар