«Өзбекконцерт» Мирзияевқа арналған әнді орындауға тыйым салды

Dalanews 06 мау. 2017 11:02 700

 «Өзбекконцерт» мемлекеттік мекемесі Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевқа арналған әнді орындауға тыйым салды. Ташкенттен жеткен ақпарат бойынша, 2 маусымда бұл жөнінде «Өзбекконцерттің» атқарушы директоры Азамат Хайдаров хабарлаған.

Азамат Хайдаров кейбір орындаушылар президенттің жұмыс барысындағы видеоларды қолданады, бұл көркемдік талаптарға сәйкес келмейді деп атап өткен арнайы жиналыста.

Жиынға қатысқан мәдениет министрінің орынбасары Минходжиддин Ходжиматов Азамат Хайдаровты қолдаған. Оның сөздерінше, егер әншілер патриоттық ән орындағылары келсе, ел, халық туралы айтсын. Бұған ешкім кедергі жасамайды деген мәдениет министрінің орынбасары.

49 жастағы киноактриса және әнші Дильфуза Исмаилова президент Шавкат Мирзияевқа «Жер беті сұлтанының денсаулығы зор болсын» деген ән арнаған.

Өзбекстанның композиторлар одағының мүшесі Равшанбек Матжонов Ислам Каримов кезінде де мадақтайтын әндерге қолдау көрсетілмеді, оларды керісінде жазаланды дейді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар