9 наурызда өткен видеоселекторлық жиналыста үкімет басшысы жарнамалардағы қателер жөнінде айтып, өзбек тілі көбірек қолданылуы тиіс екенін айтты.
– Бірқатар дүкендер, асханалар «Скоро открытие» немесе «Мы открылись» деп жазып қойған. Жарнамаларды орыс тілінде жазу орталық қалада ғана емес, ауылды жерлерде де сәнге айналған. Біздің тілде жазсақ, ешкім түсінбей қала ма? Жоқ, дүкенге ешкім кірмей қоя ма? Мемлекеттік тілге деген патриоттық сезім болуы керек, – деді Арипов.
Үкімет басшысы елде негізгі коммуникация тілі өзбек тілі екенін ескертіп, жарнаманы басқа тілде жазуды тоқтату керек екенін талап етті.