«Өз пәтерін 10 жылдан бері күтіп жүргендер бар». Астана әкімі үлескер мәселесін соңына дейін жеткізетінін айтты

Dalanews 11 мам. 2023 07:50 963

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек шаһардағы құрылыс жұмыстары ұзаққа созылған тұрғын үйлердің үлескерлерімен кездесіп, құрылыс жұмыстарын аяғына дейін жеткізетінін айтты.

– Біз ұзаққа созылған нысандардың құрылысын назарда ұстаймыз. «Зере-2», «Араби 2», «Гранитный 2», «Мирный дом», «Коргалжинский квартал» секілді құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аралап шықтым. Олардың әрқайсысының өткен тарихы әртүрлі, өз пәтерін 10 жылдап күтіп жүрген тұрғындар бар.

Кейбір нысандардағы құрылыс жұмыстары кестеден қалуда, ал енді біріндегі құрылыс сапасы көңілге қонымсыз.

Құрылыс салушылардың мойнында жұмыс қарқынын арттыру, құрылыс маусымын барынша пайдалану, сол сияқты сапаға ерекше көңіл бөлу міндеттері тұр.


Жылу беру маусымына дейін нысандар жылу жүйесіне қосылуы керек. Құрылыс салушылар қатардағы жай нысан ретінде қарастырмауы керек, оның артында өз пәтерін жылдар бойы күтіп жүрген жандардың тағдыры бар, – дейді елорда әкімі.

Осылайша Елорда әкімі үлескерлердің мәселесін басты назарда ұстап, құрылыс жұмыстарының сапалы жүруін құрылыс компанияларынан талап етіп отырғанын жұртшылыққа мәлім етті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар