Өз балаларын бесінші қабаттан лақтырып жіберген әйел жазадан құтылып кетті

Өз балаларын бесінші қабаттан лақтырып жіберген әйел жазадан құтылып кетті
gov.kz

Павлодарда бесінші қабаттан екі баласын лақтырып жіберген әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Pavlodarnews.kz мәліметінше, Павлодарда өз балаларын бесінші қабаттан лақтырып, артынша өзі секірген әйел арнайы психиатриялық стационарда емін жалғастырады. 

34 жастағы әйел қылмыс жасалған сәтте есі дұрыс болмағаны анықталған.

Оқиға 30 шілдеде болған. Әйел екі баласын бесінші қабаттағы терезеден лақтырып жіберіп, өзі де артынан секірген. Бір жарым жасар кішкентай баласы қаза тапты. Ал үлкені ауруханадан шығарылып, туыстарының қарауына берілген.