OYLA ғылыми-көпшілік журналы қазақ тілінде қайта басылымға шығады

Dalanews 26 қаң. 2017 08:09 1159


 Оқушылар мен ата-аналарға арналған алғашқы ғылыми-көпшілік OYLA журналы қазақ тіліндегі нұсқасын қайта жандандыратын болады. Журналдың мемлекеттік тілдешығуы Қазақ географиялық коғамы мен Chevron, ForteBank және «Тенгизшевройл» компаниялары қолдауының арқасында жүзеге асып отыр. Сонымен қатар журналдың қайташығуын интернет желісіндегі петицияға қол қойған әлеуметтік желілер пайдаланушылары қолдады.

Еске салсақ, 2016 жылы жазылушылар саны тым аз болғандығынан OYLA редакциясы қазақ тіліндегі нұсқасының басылымын тоқтатуға мәжбүр болды. Енді қазақтілдегі журнал ай сайын орыс тілдегі нұсқамен қатар шыға бастайды. Алғашқы тираж - 2500 дана, олар қазақстандық мектептер мен балалар үйлеріне таратылатын болады. Сонымен қатар әрбір азамат журналға жеке жазыла алады.

«Біз ғылым мен технологияның тілін үйреніп, оны балаларға жеткізгіміз келеді. Өйткені өскелең ұрпақ оқу мен жасампаздықтан қорықпауы қажет. Біз қазақ мектептердеоқитын балалар үшін мемлекеттік тілдегі ақпарат пен дәріс алудың өте маңызды екенін түсінеміз. Сондықтан да Қазақстанда шығатын бірден бір ғылыми-көпшілік журналғақолдау көрсеткені үшін серіктестерімізге ризашылығымызды білдіреміз. Жақында OYLA журналын алатын мектеп оқушыларының көңілдерінен шығады деген ойдамыз» - дедіжурналдың бас редакторы Гамзат Бияров.

«Бұл жобаның іске асуының бастауында болғанымызбіз үшін аса қуанышты жайт. Қазақ Географиялық Қоғамы географиялық және өзге де қоғамдық, табиғаттануғылымдарының дамуына үнемі қолдау көрсетіп отырады. Бұл — біздің ең басты міндеттеріміздің бірі. Біз әлемді танудың бірден-бір жолы саяхаттау деп санаймыз. Албалалар біздің болашағымыз, ендеше мұндай іс балалардың танымдық өрісін кеңейтері де сөзсіз. Сондықтан да біз үшін балаларымыздың арман-қиялының тұсалмауы, жан-жақты толысып, жаңа нәрселерге ұмтылуы аса маңызды. OYLA журналынан қызықты саяхаттар, қатерлі тау шыңдарын бағындыру, тартымды зерттеулер туралы оқып, ҚазГео-мен бірге әлемді танудағы көңіл көкжиегін кеңейтіңіз!» - деді Нұрлан Әбдуов, «Қазақ Географиялық Қоғамы» ҚБ Қамқорлық Кеңесінің төрағасы.

OYLA - Қазақстандағы алғашқы ғылыми-көпшілік  журнал, орта және жоғарғы сынып оқушылары мен білімге құштар ересектерге арналған. OYLA журналы жаратылыстануғылымдары - математика, физика, химия, биология, астрофизика бағытындағы мақалалардан, гуманитарлық ғылымдар - тарих, риторика, тіл ғылымдары бағытындағыжәне жалпы танымдық мақалалалардан, қызықты оқиғалар, теоремалар мен есептерді анықтау, өнертабыстар, ғалымдардың ашылулары туралы мәліметтен тұрады. Біз балаларға күрделі заттарды жеңіл тілмен түсіндіреміз.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар