Облыс әкімінің есебі өңір басшысының ресми аккаунттары арқылы әлеуметтік желілерде, сондай-ақ «Алтай» және «Семей» телеарналарында тікелей эфирде көрсетілді.
2020 жылғы жұмыс қорытындыларға назар аударған жан Шығыс Қазақстан облысының негізгі стратегиялық мақсаттарды табысты іске асыру ісі жалғасатынын байқауға болады. Өз кезігінде өңір басшысы Даниал Ахметов коронавирус пандемиясына қарамастан, өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері оң динамикаға ие екенін атап өтті.
Инвестициялар көлемі 112%-ға, құрылыс жұмыстары – 127%-ға, өнеркәсіптік өндіріс – 101,5%-ға, ауыл шаруашылығы – 102,6%-ға өскен. Тұрғын үй саласындағы көрсеткіш 118%-ға артып, 520 мың шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілді. Ал жұмыссыздық деңгейі 4,9%-дан аспаған (ҚР бойынша-5%).
– COVID-19 халық денсаулығын сақтау, сырқаттанушылықтың күрт өсуіне жол бермеу, инфекцияның таралуын бәсеңдету ісі бірінші орынға қойылды. Қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдайды тұрақты, – деді ШҚО әкімі есеп беру кездесуін ашып.
– Өткен жылы облыстың медициналық мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін қосымша 174 ӨЖЖ аппараты, оның ішінде 2 балалар (CPAP), 10 рентген-аппараты, 3 ЭКМО, 3 компьютерлік томограф, заманауи техникамен жабдықталған 216 жедел жәрдем автомобилі сатып алынды. Жалпы, өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуға өткен жылы 37,3 млрд теңге жұмсалды.
Сонымен қатар, науқасты емдейтін жабдықтар мен төсек орындар емес екеніне көзіміз жетті. Бұл ақ халатты абзал жандардың еңбегі. Біз облыстың медицина қоғамдастығына, өздерінің кәсіби міндеттерін адал орындайтын, пандемиямен күрестің алдыңғы қатарында тұрған барлық мамандарға ризашылығымызды білдіреміз, – деді Даниал Ахметов.