Отырарда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

Сағыныш Сардарова 22 сәу. 2026 11:05

Түркістан облысы Отырар ауданында ақын Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу алдында қоштасу рәсімі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жаңа Шілік ауылындағы ақынның шығармашылық үйіне жиналған жұрт қаралы жиында оның рухына тағзым етіп жатыр. 
 
Еске салайық, бұған дейін Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жазылған хат тараған болатын. Мұхтар Шахановтың көзі тірі кезіндегі соңғы аманаты Отырарда, Арыстан баб кесенесі маңына жерлеу болған.

Әйгілі ақын 20 сәуірге қараған түні 84 жасына қараған шағында өмірден өтті

21 сәуірде Алматыда Абай атындағы опера және балет театрында қоштасу рәсімі өтті. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove