Отырарда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Dalanews 15 қар. 2018 15:31 850

Отырар ауданында «Алтын күз – 2018» ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің мерекесі аясында ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі болады. Жәрмеңкеде аудан тұрғындарына ет, сүт өнімдері мен картоп, сәбіз, пияз, орамжапырақ сияқты көкөніс түрлері нарықтан 15-20 пайыз төмен бағамен саудаланды деп күтілуде.

Сонымен қатар жәрмеңкеге ауылшаруашылығы өнімдерін терең өңдеу арқасында облыс көлемінде алғашқылардың қатарында тұтынушыларға бағытталған дайын қапталған өнімдер де шығарылды. Солардың қатарында Отырардың брендіне айналып үлгерген "Маяқұм" мен "Отырар" шұбаттары, тарысы мен талқаны, балдай тәтті қауыннан дайыдалған "қауын қақ", "қауынқұрт" өнімдеріне сұраныс жоғары болды.

Әкімдік тарапынан алдағы уақытта осы секілді жәрмеңкелер ұйымдастыру жоспарында бар. Өтетін орны мен уақыты тұрғындар назарына қосымша БАҚ беттері арқылы хабарланатын болады.

Азаматтары еңбексүйгіш, ынтымағы мен бірлігі жарасқан Отырар өңірі Тәуелсіздігіміздің 27 жылында тұрақты даму жолына түсіп, еліміздің ілгері басуына өзіндік үлесін қосып келеді. Соңғы уақыттары Отырар ауданында дәстүрлі жүгері өсіру ісі қарқынды даму жолына түскенін атап айтуға болады.

 

Отырар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар