Freedom Inside '26

"Отбасымызда үлкен қуаныш": Руслан Өтепбай сүйінші жаңалығын айтты

"Отбасымызда үлкен қуаныш": Руслан Өтепбай сүйінші жаңалығын айтты
Dalanews.kz

Журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті. Ол 2 шілде күні жиені Темірбектің бір жасқа толып, тұсаукесер тойы өткенін айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Журналистің сөзінше, жиенінің тұсауын кесу бақыты өзіне бұйырған.

"Ардақты ағайын, 2 шілде күні отбасымызда үлкен қуаныш болды. Жиенім Темірбек бір жасқа толып, құда-құдағи тұсаукесер тойын өткізді. Нағашысы ретінде тұсауын кесу бақыты маған бұйырды", – деп жазды ол.

Руслан Өтепбай қарындасы мен күйеу баласының алғашқы қуанышына ақ тілегін арнады.

"Қарындасым мен күйеу баламның алғашқы қуанышы құтты болсын! Алла Тағала Темірбекке ұзақ ғұмыр, деніне саулық, бақ-береке нәсіп етсін. Жиенім бір әулеттің ғана емес, алты Алаштың азаматы болып өссін!" – деді журналист.