Отарда мерзімді сарбаз комадан шықты

Сағыныш Сардарова 24 мау. 2024 09:40 2610

Отарда комаға түскен 19 жастағы мерзімді сарбаз есін жиды. Бұл туралы әскери қызметшінің туыстары әлеуметтік желіде айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Ұлымыз комадан шыққаны туралы қуанышты жаңалықты жеткізуге асықпыз! Қазір дәрігерлердің айтуынша, ол саңырау күйде. Ол бізді таниды, бірақ бұрын жасалған трахеостомияға байланысты әлі сөйлей алмайды. Бірақ жағдайы ауыр, диализ жасалады, ол шамамен 6-8 сағатқа созылады. ...Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, оларға ерекше алғыс", - деді Тимур Жаналин.
Айта кетейік, бұған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Отарда әскери борышын өтеп жүрген сарбаздың комаға түсуіне байланысты кінәлілерді жазалауды тапсырды. Бұл туралы Президенті кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысқан.
"Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті. Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды", - деп жазылған хабарламада.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар