«Отанымызды қорғауға дайын болуымыз керек!». Түркістандық жігіттер әскери машығын шыңдауда

Dalanews 22 сәу. 2022 02:04 785

Түркістан облысында «Батыл тойтарыс – 2022» әскери-тактикалық оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр. Оған Қазығұрт ауданының әскери міндеттілері қатысып, шеберліктерін шыңдауда. Жалпы 102 азамат әскери дайындықты пысықтап, тапсырмаларды орындауда, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы әкімі аппаратының аумақтық қорғаныс қызметінің басшысы Бабай Алдабергеновтің айтуынша, бұл оқу-жаттығу жиыны облыс әкімінің қаулысымен кестеге сәйкес өтуде.

– Оқу-жаттығу жиынына бұрын әскери борышын өтеген азаматтар шақырылды. Мақсат – олардың физикалық және әскери-саптық дайындығын тексеру және күшейту. Әрине он, жиырма жыл бұрынғы үйренген нәрселерді қайта еске түсіру, жас кездегідей тапсырманы жедел орындау қиын. Бірақ бір аптаның өзінде жігіттер жөнге келіп қалды. Отанымызды қорғауға әрбіріміз дайын болуымыз керек, – дейді ол.



Оқу-жаттығу жиыны барысында азаматтар әскери тактикаларды қайта пысықтап, қару қолдану машықтарын еске түсірді. Спорттық сайыстардан сынға түсіп, физикалық әлеуеттерін күшейтті. Аумақты, нысандарды қорғау, әскери тактика бойынша білімдерін жетілдірді. Жаттығу 22 сәуірде аяқталады.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар